БЕРЛИН: Таяу күндері Ауғанстанның 57 баласы хирургиялық ем алу үшін Германияға жеткізіледі. Кейін ұшатын ұшақпен Германияда емделген 20 ауған баласы мен жеткіншегі Ауғанстанға қайтады. “Балалар біздің көмегімізге мұқтаж” деп аталатын қайырымдылық ұйымының бағдарламасы бойыншпа 2002-нші жылдан бері Германияда Ауғанстанның 300-дей баласына күрделі операция жасалды.