В.Путиннен кейін де Мәскеудің Еуропамен арадағы қарым-қатынасы өзгермейді

ВИСБАДЕН: Ресейдегі парламент және президент сайлауынан кейін Мәскеудің Берлинмен және жалпы Еуропамен арадағы қарым-қатынасы негізінен өзгермейді. Бүгін Висбаден қаласында өтіп жатқан Ресей-Германия экономикалық форумында Ресей президенті В.Путин осылай деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, ортақ мақсатқа жету үшін кез-келген қарама-қайшылықты шеше алудың маңыздылығын атап көрсетті. Өз кезегінде неміс канцлері А.Меркель ғаламдық проблемаларды шешу үшін Ресей лидерін Еуропамен тығыз ынтымақтасуға шақырды. Адамның құқын құрметтеу – Ресей мен Еуропа арасындағы сенімді нығайтатын аса маңызды фактор, деп мәлімдеді неміс канцлері.