Грузия қорғаныс саласына арналған ақшаны көбейтпекші

Грузия үкіметі қорғаныс саласына жұмсалатын бюджеттік қаржыны асырмақшы, яғни осы салаға бөлінген 723 миллион АҚШ долларын 855 миллион долларға көтермекші. Грузия билігінің айтуынша, НАТО-ға қосылу мақсатында әскери реформаларды тездету үшін және елдің қорғаныс мүмкіндіктерін күшейтуге қосымша ақша керек. Бұл шешімді парламент мақұлдауы тиіс.