Вьетнам мен Камбоджаның ұл балаларын зорлаған қылмыскер Тайландта ұсталды

БАНГКОК: Интерполдың сұрауы бойынша Тайланд полициясы балаларды зорлаушы - “педофил” деп айыпталған канадалық мектеп оқытушысын тұтқындады. Полицияның хабарлауынша, жалпыұлттық іздеу жариялаудың нәтижесінде 32 жастағы Кристофер Пол Нэйл Тайландтың солтүстік-шығысында ұсталды. Интерпол Нэйлды Вьетнам мен Камбоджада ұл балаларды зорлап, осы қылмыстары жазылған бейнесюжеттерді Интернетке шығарды деп айыптайды. Тайландқа ол өткен аптада оқытушы болып істеген Оңүстік Кореядан келіпті.