Күрд көтерілісшілері Хаккари аймағына жексенбіде шабуыл жасаған болатын. Оның кесірінен кем дегенде 12 түрік солдаты қаза болды. Бұл шабуылды АҚШ президенті Джордж Буш айыптап, оны тоқтатуға шақырды. Нақты шара қолдануды бірнеше күнге қалдыра тұруды АҚШ жағының сұрағанына қарамастан, Түрік артиллериясы көтерілісшілердің Түрік-Ирақ шекарасындағы нысандарын атқылады.