Орталықшыл-оңшыл бұл партия сайлаушыларға салықты төмендетуге және Еуропалық одақтағы Польшаның әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға уәде беруде. Олар 44 пайыз дауысты иеленбекші. Ал, үкімет басшысы Ярослав Кацинскидің Заң және Әділет партиясы 31 пайызға қол жеткізуде. Кацински болса, жеңілісті мойындады. Азаматтық платформа партиясы орталықшыл Шаруалар партиясымен немесе солшылдармен коалиция құрмақшы.