Қырғыз президенті парламентті тарату туралы қарарға қол қойды

Бұл қадамды Құрманбек Бакиев жексенбіде болған референдумнан бір күн кейін жасап отыр. Референдум заңды деп танылғаннан кейін Бакиев сондай-ақ ерте сайлаулар шақыруды жарияламақшы. Референдумға сайлаушылардың 80 пайызы қатысты. Конституцияға өзгерістер жөніндегі жаңа құжатты қолдап басым көпшілік дауыс берген. Ол бойынша парламент жауапкершілігі кеңейтіліп, президенттің құзыры күшейтілді.