Еуропа Одағы көбірек тәжірибелі мигранттарды Еуропаға тарту мақсатында жаңа жүйе туралы жоспарын жариялап жатыр

“Көк карта”деп аталатын жүйеге сәйкес, Еуроодаққа мүше кез келген елде кемінде 2 жыл жұмыс істеген білікті мамандар Еуропаның басқа бір мемлекетіне көшіп жұмыс істей алатын болады. Мықты тәжірибесі бар мигранттар қазір АҚШ, Канада немесе Австралия елдеріне баруды жөн көреді, енді экономикалық дамуын сақтап қалу мақсатында Еуропа білікті мамандар үшін магнитке айналуы керек, дейді Еуропа Комиссиясы.