Бүгін Пәкістан Ауғаныстанмен шекаралас аймағындағы талибаншыл күштерді басу үшін ол жерге 2500-дей әскерін орналастырды. Елдің солтүстік шығысындағы аймағы талибандарды қолдайтын Тарик Нифаз-е-Шариат Мохамади деген тыйым салынған радикалды топтың бақылауында отыр. Пәкістанның әскери өкілі Вахид Аршад бұл аймаққа әскери күштерді орналастыру әскери опрерация емес, тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегенді білдіреді деген.