Ауған ресмилерінің хабарлауынша, АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері мен Ауған әскерлері елдің оңтүстігінде Талибан соғысушыларының жиыны болып жатқан кезде шабуыл жасаған. Сөйтіп 10 бүлікшінің көзі жойылған, 14 соғысушы жарақат алған. Сәрсенбі күні Забул өлкесінің Дайчопан ауданында болған ол қақтығыстан сондай-ақ 4 Ауған сарбазы жараланды деп хабарланып отыр.