Журналист Алишер Саиповтың өлтірілуіне байланысты тергеу ісін Қырғыз президенті қадағалайтын болады

Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевтің кеңсесі хабарлағандай, журналист Алишер Саиповтың өлтірілуіне байланысты тергеу ісін президенттің өзі қадағалайтын болады. 26 жасар Алишер Саипов Қырғызстанның Ош қаласында кеше оққа ұшқан болатын. Бүгін ол Ошта жерленді. Осыдан кейін ондаған журналист пен бейүкіметтік ұйымдардың басшылары аймақтағы қауіпсіздік бөлімі кеңсесінің алдында шеру өткізіп, Саиповтың өліміне жауаптылар табылсын деп талап етті. Этникалық өзбек Алишер Саипов Өзбекстан билігін сынап жиі мақала жазған еді. Ол, сондай-ақ, “Саясат” газетінің редакторы және “Америка Дауысы” радиосы Өзбек қызметінің тілшісі болған тұғын.