Мұнай мен алтын бағасы тағы өсіп, доллар тағы төмендеді

Әлемдік мұнай бағасы жоғарылап, европалық ортақ валюта еуроның долларға шаққандағы бағамы 1,43-ке жетті. АҚШ-ың Орталық банкі алдағы аптада несиелік өсім процентін тағы төмендетеді деген болжам бар. Ал бұл аралықта Америка мен Иранның қарым-қатынастарының күрделене түсуі, мұнайдың бір баррелінің бағасының 92 доллардан асып кетуіне ықпал етті. Алтын бағасы да 1980 жылдың қаңтар айынан бергі уақытта тұңғыш рет ең жоғары деңгейіне көтерілді.