Израиль сыртқы істер министрі Ципи Ливни бүгін Бейжинге сапары барысында Қытайды Иранға қарсы жаңа санкцияларды қолдауға шақырды. Оның айтуынша, егер Иран ядролық қаруға ие болса ол ғаламдық тұрақтылыққа кесірін тигізеді. “Таяу Шығыстағы дерлік әрбір дау-жанжалдың артында Иранның қолтаңбасы мен көлеңкесін көруге болады”, - дейді Ливни. Ол, сондай-ақ, Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Мохаммад Әл-Барадейді Теһранның ядролық қару жасамақшы болғанына дәлел жоқ дегені үшін сынға алды. Ал Франция қорғаныс министрі Эрве Морен Әл-Барадейдің мәлімдемесін жоққа шығарып, Франция мен тағы басқа елдер керісінше Иран ядролық қару жасамақшы деген “ақпаратқа” ие деп мәлімдеді.