Әзірбайжан қауіпсіздік күштері Бакудегі батыс елдерінің елшіліктеріне жасалмақшы болған ірі лаңкестік шабуылдардың алдын алған. Бұл туралы Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздік министрлігінің баспасөз-хатшысы хабарлады. Ариф Бабаевтың айтуынша, лаңкестік топтың мүшелері деп күдіктелгендер қамауға алынған. Бүгін таңертең қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Бакудегі Британия елшілігі жабылып, ал АҚШ елшілігі жұмысын азайтқан болатын.