Бакудегі британ елшілігі жабылып, АҚШ елшілігі аз уақыт жұмыс істеп тұр

БАКУ: Әзірбайжанда мемлекеттік мекемелер мен Батыс елдерінің Бакудегі елшіліктерін нысанаға алған террористік шабуылдар әшкереленді. Кеше Әзірбайжанның ұлттық қауіпсіздік министрлігі осылай деп мәлімдеді. Министрліктің өкілі Әриф Бабаев хабарлағандай, терроршыл топ ислам экстремистерінен құрылып, оны армия лейтенанты басқарған. Соның көмегімен исламшыл топ өткен аптада көп қару-жарақты қолға түсірген. Оның бірнеше мүшесі тұтқындалып, бірі оққа ұшқан, қалғандарына іздеу жарияланған. Бакудегі ағылшын елшілігі жабылып, АҚШ елшілігі шектеулі уақыт қана жұмыс істеп тұр.