Ауғанстанда аудандық құпия қызмет басшысы өлтірілді

Лағман аймағы Қарғай аудандық Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысы бүгін жұмысына кетіп бара жатқанда жол шетіндегі бомбалық жарылыстан қаза болды. Онымен бірге үш серіктесі көз жұмған екен. Биыл талибандықтар Ауған жерінде түрлі шабуылдарды өрістете түсті.