Түркияның Солтүстік Ираққа басып кіруіне бөгет қоюға АҚШ пен Ирақ көп күш жұмсауда

БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіне Түркияның басып кіруіне жол бермеуді мақсат еткен дипломатиялық іс-әрекет барған сайын күшейіп келеді. Ирақтың солтүстігіндегі күрдтердің автономиялық аймағының төрағасы Масуд Барзани егер “Күрдтердің жұмысшы партиясы” бейбіт бастаманы қабылдамайтын болса, онда ол партияны “террористік ұйым” деп жариялауға уәде етті. Ирақтың сыртқы істер министрі Х.Зебари күрд партизандарына арналған жанар май мен азық-түліктің жолын кесу үшін Ирақтың солтүстігінде қосымша бақылау-күзет бекеттері қойылатынын мәлімдеді.