АҚШ “Иран пролемасына” Ресей мен Қытай жауапкершілікпен қарайды деп үміттенеді

ЛОНДОН: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылатын 5 мемлекет пен Германияның ресми өкілдері Иранға қарсы оның ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ының санкциясын қатаңдату мүмкіндігін талдау үшін бүгін Лондонда кездеседі. Осы басқосудың алдында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс Теһранға қарсы жаңа санкция қабылдауға 4 ай бойы қарсы болып келген Ресей мен Қытай бұл проблемаға жауапкершілікпен қарайды ғой деген үмітін білдірді. АҚШ Ираннан ядролық қару жасауға ұмтылады деп күдіктенсе, Теһран ондай күдікті теріске шығарумен келеді.