Қытай үкіметбасы Ресей президентімен келіссөздер өткізуде

Владимир Путин Мәскеуде Қытай премьер-министрі Уен Жиабаоны қарсы алды. Қытай үкіметбасының Ресейдегі екі күндік сапарында екіжақты байланыстары жақындай түскен қытай-ресей арасындағы сауда және басқа да қарым-қатынастарды бекіте түсу мәселелері талқыланады. Сейсенбі күні Уен Жиабао Ресей премьер-министрі Виктор Зубковпен кездеседі.