НАТО одағы грузин президентінің әрекетіне сын көзбен қарайды

ТБИЛИСИ: НАТО Одағы ресми Тбилисиді оппозицияның наразылық ереуілін басып-жаншығаннан кейін тәуелсіз теле-радиоарналарды жауып, елге төтенше жағдай орнатуына сын пікір білдірді. Одан 1 күн бұрын саяси оппозицияның ресми жаппай наразылық ереуілін аяусыз қуып таратқан соң, президент М.Саакашвили Грузияға 15 күндік төтенше жағдай тәртібін орнатты. Ол елдегі саяси дағдарысқа Ресейдің қатысы бар деп айыптады. Ресми Мәскеу ол айыпты “арандатушылық” деп теріске шығарды. Бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер грузин билігінің іс-әрекетін “әскери одақтың құндылықтарына сай келмейтін және алаңдататын қадам” деп бағалады.