Пәкістан саяси істер министрі Әмин Мұқамның үйінің жанында жарылыс болды

Мұның салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты,үш адам жарақат алды. Оқиға Исламабад қаласында орын алды. Министр Әмин Мұқамның өзі аман қалды. Әмин Мұқам Пәкістан Мұсылмандар партиясының аймақтық басшысы қызметін де атқарады, ол қаза тапқандардың екеуі оққағарларым болатын дейді.