Сенбі күні Қазақстанда жарық көрген басылымдар Рахат Әлиев және оның сыбайластарына қатысты Алматыда басталған жұма күнгі сот процесі туралы жазыпты. Сондай-ақ, бас прокуратураның тиым салғанына қарамастан, kub.info интернет сайтында мемлекеттің жоғары лауазымды басшыларының «Нұр-Отан» партиясын қаржыландыруға қатысты сөйлескен телефон әңгімелері туралы жаңа ақпарат жарияланыпты.
Алматыдағы Алмалы аудандық сотында «Нұрбанктың» бұрынғы басшыларының ұрлануына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі судья Нұрділдә Сейітовтың төрағалығымен жабық есік жағдайында өтті деп жазады «Айқын» басылымы сенбілік санында. Газет тілішісінің жазуынша, журналистерге арнап сот процесін бақылау үшін арнайы бөлмеге монитор қойылса да соттағы жайттарды журналистер бүтіндей дерлік бақылай алмаған. «БАҚ өкілдері техникалық ақаулар салдарынан соттың басталған кезеңін ести алмай қалды, осыған байланысты журналистер судьяға наразылық хат тапсырған соң ғана судья Сейітов сот процесінде үзіліс жасап, үзілістен кейін қайта басталған сот процесі де көп ұзамады - судья келесі сот процесін алдағы дүйсенбіге қалдырды» деп жазады «Айқын» басылымы.
«Время» газеті сенбілік санында «Рахатгейт» тақырыбымен жұма күні басталған сот процесінің әу баста ашық болатындығы туралы айтылса да, сот залының тарлығынан баспасөз өкілдерінің көрші бөлмеде сот процесін шала-пұла бақылауға мәжбүр болғанын жазыпты. «Осы жолы «Нұрбанк» қызметкерлерінің жоғалуына қатысты қылмыстық істен басқа бөтен біреудің мүлкін ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген қылмыстарға қатысты айыптау ісі бойынша Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев және оның сыбайластары: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев, Вадим Кошляк, Құрман Әкімқұлов секілді барлығы 26 адам жауапқа тартылып отыр» деп жазады «Время» басылымы. Осы басылымда жарық көрген «Генерал ісі» деген мақалада мемлекеттік қаупісіздік қызметінің генералдары Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев және кәсіпкер Сергей Маневич үшеуінің қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасағандары үшін және мемлекеттің жоғары лауазымды шенеуніктерінің телефон әңгімелерін рұқсатсыз тыңдағандары үшін айыпталып отырғаны айтылыпты, олардың қарашаның 14-і күні Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаментіне шақырылғандары туралы жазылыпты.
Мемлекеттік жоғары лауазымды адамдардың телефон әңгімелері тыңдалып, оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланған жайттарға байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық іс қозғап, ал Бас прокуратура осы мәселеге қатысты арнайы мәлімдеме жасағанына қарамастан, жұма күні интернеттегі kub.info сайтында тағы да сол «Тәуелсіз зерттеулер агенттігі» деген белгісіз ұйым, Қазақстандағы жоғары лауазымды басшылардың «Нұр-Отан» партиясы мен президент қорына әкімдер, банк иелері мен ірі кәсіпкерлерден қалай қаржы талап етіп, жинағандары жөніндегі олардың телефон әңгімелерінің мәтіндерін жариялап, Интернетте осы деректердің аудиожазбаларын орналастырыпты. Ондағы әңгімелерде Қазақстандағы ірі кәсіпкерлер мен банкирлердің сайлау алдында биліктің «Нұр-Отан» партиясына ең кемінде 5 миллионнан 10 миллион аралығында ақша жинағаны туралы сөздер келтірілген. Алайда бұл ақшаның қай валютамен екендігі айтылмапты.
«Литер» басылымы сенбілік санында «Рахат Әлиев және оның сыбайластарына қатысты 56 томнан тұратын тергеу ісі аяқтала сала, сот процесінің былайша тез басталуына Әлиевтің жеке қорғаушысы Айдар Бектібаевтың әріптесі Сергей Кошлаймен бірге қыркүйек айында Венадан жасырын жағдайда қашып шығып, Қазақстанның құқық органдарына өз еркімен берілуі және олардың осы қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде берген мәліметтері мен айтқандары көп әсер етті» деп жазады. «Соттың алғашқы тыңдауында Сергей Кошлай айыпталушы ретінде емес, куәгер ретінде жауап бере бастады, сондай-ақ КТК телеарнасының үйлестіру бөлімінің бастығы Иван Лихоузов та куәгер ретінде жауап беретін болды» деп жазады «Литер» басылымы. «Қазақстанның ішкі істер министрлігі Рахат Әлиев және оның сыбайластарына қатысты сот процесі барысында жаңа бір мәлімет-деректердің көзі шығып қалуын да жоққа шығармайды, мысалы, Алматы облысының Қарасай ауданындағы Көлді ауылдық мекенінің маңынан табылған адам сүйегіне жасалып жатқан сараптама қортындысы әлі шыға қойған жоқ, ал полиция тергеушілері бұл сүйектің ұрланған «Нұрбанк» қызметкерлерінің бірінікі болуы мүмкін деген жорамал жасап отыр» деп жазыпты «Литер» басылымы.