Пәкістан президенті Первез Мушарраф парламенттік сайлаулар 9-шы қаңтарға дейін өткізіледі деп хабарлады. Ол сондай-ақ, осыған байланысты парламент жақын күндердің ішінде таратылады деді. Оның бұл мәлімдемесі үкімет пен оппозиция арасындағы саяси текетірес аясында елде төтенше жағдай тәртібі орнаған тұста болып отыр.