ВАЛЕНСИЯ: Бүгін Испанияның Валенсия қаласында ғаламдық ауа райының жылынуы проблемасына арналған халықаралық конференция ашылды. Осы жылы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған БҰҰ сарапшыларының тобы форумда ауа райының құбылуына адамның істеген әрекетінің ықпал етіп жатқаны туралы баяндама жасайды. Ал үкіметаралық комиссияның мамандары ғаламдық ауа райының жылыну қарқыны мен оның бүкіл адамзатқа тигізетін ауыр зардаптары туралы және жер бетіндегі жылулықтың күрт құбылуын ауыздықтау үшін нендей шара қабылдау керектігі жайында есеп береді.