Еуропа Одағында істейтін шетел азаматтары былтыр өз отандарына 27 миллиард евро жіберіпті

Бұл ақшаның көбі Еуропа Одағынан тыс елдерге жөнелтілген. Және де осы 27 миллиард евроның 90 пайызынан көбі небәрі алты мемлекетте табылған, яғни Испания, Британия, Италия, Германия, Франция және Голландияда істейтін шетел жұмысшылары тапқан. Сыртқа кеткен ақшаның көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өскен.