Пәкістан оппозициясының басшысы Беназир Бхутто президент Перуез Мұшаррафты қызметінен кетуге шақырды

Беназир Бхуттоның өзі үй қамауында отыр, төтенше жағдай тәртібін алып тастау талабын қоятын шеруді басқарудан шектелді. Беназир Бхутто Перуез Мұшаррафтың қоластында бас министр боп істегім келмейді, демократияны қалпына келтіру мақсатында басқа оппозиция жетекшілерімен одақтасуға дайынмын деді. Апта соңында Пәкістанға АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Джон Негропонте келмек, Перуез Мұшаррафқа сөз салмақ, төтенше жағдай тәртібін алғызып тастамақ.