Ол осы күнге дейін жан сауғалап жүрген, жасырынған жерінен шығып, студенттердің наразылық шарасын басқармақ болды. Алайда бұл сәтте оған кеше полиция тарабынан терроризм айыбы тағылды. Пәкістан оппозициясы 3 қарашада еңгізілген төтенше жағдай тәртібі алынып тасталсын, президент Перуез Мұшарраф жоғары қолбасшы қызметінен кетсін деп талап қойып келеді. Перуез Мұшарраф бұл талаптарға құлақ аспай жатыр.