АҚШ-тың Өкілдер Палатасындағы Демократтар Ирақтан әскер шығару кестесін алға тартып, әскери операцияларға қосымша 50 млрд доллар бөлу жөніндегі жобаны мақұлдады. Өкілдер палатасы бұл даулы мәселені Сенатқа жолдады. Сенатта Респубилкандықтар оны өткізбейміз деп отыр. Ақ Үй де бұл жобаға вето қоятынын айтты.