Пәкістанның бұрынғы премьер министрлері Наваз Шариф пен Беназир Бхутто президент Мушарафты биліктен кетіретін күшке қосылуға келісті. Бхуттоның партиясы осыған дейін бәсекелес болған екі жетекші сәрсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Мушарафқа қарсы күш біріктіруге келісті деп нақтылып отыр. Мушарраф елде 9-шы қаңтарға дейін парламенттік сайлаулар өткізуге сөз берген. Бірақ, ол екі аптадай болып қалған елдегі төтенше жағдай тәртібі әлі жалғасады деген.