Иран президенті Махмұд Ахмадинежад уранды бейтарап мемлекетте байыту туралы жоспар жөнінде Араб елдерімен кеңесетінін хабарлады. Бұл туралы ол "Dow Jones Newswires" агенттігіне берген сұхбатында айтты. Иран президенті Сауд Арабиясында өткен мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК басшыларының саммитіне қатысты. Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, әлгі жоспар бойынша Иран өзінің ядролық энергия бағдарламасын дамыта алатын болады, сондай-ақ, Теһран ядролық қару жасамақшы деген күдікті жоятын болады. Франция сыртқы істер министрі Иранның ядролық бағдарламасы әлемге төніп тұрған үлкен қауіптердің бірі болып табылады деп мәлімдеді.