Отыздан аса кенші жоғалғандар қатарында саналуда. Донецкіде қарашаның 18-і күні болған жарылыстан кейін үш күндік Аза тұту күні жарияланды. Бұл апат 1991-ші жылы тәуелсіздік алғалы бері Украйнада болған ең үлкен қайғылы оқиға болып отыр. Президент Виктор Ющенко кеншілер қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмады, деп Виктор Янукович үкіметін сынады.