Соңғы кезде көктен еркін қалқып жүрген тәрелкеге ұқсаған нысан байқалды ма? Зейнетке шыққан ұшқыштар мен авиация саласы шенеунектерінің Вашингтондағы бас қосуы осы проблемаға ден қойды. Олардың мәлімдеуінше, көкте ұшып жүрген бейтаныс нысандардан ұлттық қауіпсіздікке қатер төнді, сол себепті де ондай нысандар тиянақты зерттелуге тиіс.
Көк аспанның кез-келген бұрышынан жарқ етіп шыға келетін және, жорамал бойынша, жер сияқты өзге дүниенің өкілдері ұшып келетін жұмбақ нысандар ешқашан жоғалмайды. Сондай нысанды байқап қалғанын әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама адам - жерін өңдеп жүрген дихандар, көкте самғап жүрген ұшқыштар, күнделікті жұмысын атқарып жүрген қала тұрғындары және т.т. - үнемі хабарланып жатады. Көкте самғап жүрген жұмбақ кеме туралы халықаралық баспасөз құралдарын елең еткізген соңғы жаңалық көктен емес, Вашингтонда орын тепкен ғимараттан шықты.
Өткен аптада азаматтық және әскери авиацияның зейнеткен шыққан ардагерлері осы ғимаратта бас қосып, “ұлттық қауіпсіздікті және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір мемлекет өзінің әуе кеңістігінде пайда болған осындай жұмбақ нысандарды мұқият зерттеуге тиіс” деген мәлімдеме қабылдады. Ардагер ұшқыштар әлгіндей жұмбақ нысандарға қатысты барлық сауалға тиянақты жауаптың әлі де жоқтығын АҚШ үкіметі мойындауға тиіс деп есептейді және көкте байқалған барлық құбылысты жайдан-жай түсіндіруге бола бермейтінін мәлімдеді. Сол себепті қарт ұшқыштар көктегі 12 мыңдай жұмбақ құбылысты тіркеген және 1969-ыншы жылы жабылған әскери әуе күштерінің “Көк жоба” (“Project Blue”) кітабын қайта ашуға шақырды.
Вашингтонда бас қосқан ардагерлердің ішінде Иранның соғыс ұшағының бұрынғы ұшқышы Парвиз Джафари (Parviz Jafari) де болды. Ол Теһранның көгінен бейтаныс нысанның қалқып ұшқанын 1976 рет байқады. Оның мәлімдеуінше, әлгі жұмбақ нысанның түрлі-түсті сәуле шығарғанын өз көзімен көрген, бірақ Джафари оған қарсы оқ атып көрмек болған сәтте, ұшағындағы қаруының кенеттен істен шыққанын байқаған. Міне осы құбылысқа ол ешқандай жауап таба алмады. Америкада шығатын “Авиация апталығы және ғарыш технологиясы” (“Aviation Week and Space Technology”) атты беделді журналының аға редакторы Крэйг Ково (Craig Covault) П.Джафари сынды “уфологтардың” әңгімелерін күлкі етпейді.
К.КОВО: “Олар – көпті көрген сыйлы азаматтар, олар сырын еш түсіндіре алмаған бір нәрсені көрді және олар өз ойларында сол көргендерін өзге дүниелерден келген жат жұртпен байланыстырады. Оларды сөзсіз өзге дүниенің өкілдері болар деп ойламаймын. Мен шынында да олар бір жұмбақ нәрсені көрді ғой деп санаймын, бірақ мен олардың өзге жұлдыздың тіршілік иелерін көрдік деген сөзімен келіспеймін”.
Көктегі жұмбақ көріністерге күдікпен қарайтындар байқалған нысандардың көпшілігін кейде күн сәулесі мен бұлттың қозғалысы көзге ғарыш кемесін елестететін атмосферадағы табиғи құбылыстармен түсіндіреді. Оған қоса метеор және комета сынды табиғи денелер тағы бар.
Адамның көңіл-күйінде көктен көргенінің барлығын өзге дүниенің өкілдерімен байланыстыра беретін психологиялық фактор да жоқ емес. Психологтардың атап көрсетуінше, көктен байқалған жұмбақ нысандардың ішінде дөңгелек шар немесе үш бұрыш сынды геометриялық пішіндер (формалар) жиі ұшырасады.
Әйтсе де, бақылаушылардың кейбірі әуеден құпия соғыс ұшақтарын көргендерін айтқанда, еш қателеспейді. Мысалға, “Стэлс” (“Stealth”) ұшағы – күрделі ішкі құрылысы мен сыртқы қабатының өте тегіс болуы арқасында радардың экранына еш ілінбейді. Сыртқы формасы бойынша “Stealth” ұшағы - үш бұрыш пен тік бұрыштың жиынтығына ұқсас. Көктен геометриялық формасы осыған ұқсаған және радардың экранында ешқандай із қалдырмайтын жұмбақ ұшақты көргендерін мәлімдеген АҚШ ұшқыштары, теориялық тұрғыдан алғанда, өзге дүниеден ұшып келген ғарыш кемесін емес, “Stealth” ұшағын немесе тағы басқа құпия кемені көруі де әбден мүмкін. Ол туралы Крэйг Ково былай деп мәлімдейді.
К.КОВО: “Әрине, Американың үлкен құпия болып табылатын ұшақтары, оның ішінде жерден басқарылатын ұшақ түрлері бар. Біздің білуімізше, ол өте үлкен әрі қара түсті болуы мүмкін және өте баяу қозғалуы да ықтимал. Біздің ойымызша, байқалған кейбір жұмбақ нысан, егер Батыстың әуе кеңістігінен көрінбесе, онда олар құпия жағдайда сынақтан өтіп жатқан ұшақ болуы да мүмкін”.
Әзірше тек Америка Құрама Штаттарының жарағында ғана “F-22 Raptor” және “B-2 Spirit” сынды радарға түспейтін “Stealth” ұшақтары болды. Бірақ қазір өзге елдер де осындай қу ұшақтарды жасауға кірісті. Мысалға, Ресей мен Қытайдың және Үндістанның да осындай ұшақтары бар. Өз кезегінде міне осы ұшақтар да көктен байқалған жұмбақ құбылыстардың санын толықтыра түсуі әбден мүмкін.