Еуропа Одағы Ресейдегі сайлауға ЕҚЫҰ бақылаушыларының бармайтынына өкініш білдірді

Еуропа Одағының сыртқы қатынастар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Уалднер Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ресейдегі парламент сайлауын бақылай алмайтынына байланысты өкініш білдірді. Ресей бақылаушылардың санына шектеу енгізіп, оларға виза беруді кешіктірген соң, аталған ұйым желтоқсан айындағы парламент сайлауына өз бақылаушыларын жібермейтін болып шешті. Өткен айдағы самитте Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақ басшыларына сайлау ашық және әділ өтеді деп уәде етті деді Уалднер ханым.