Польша президенті осы аптада Грузияға барады

Қарашаның 22-і күні Польша президенті Лех Качинский Грузияға барады. Тбилисиде ол Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездеседі деп жоспарланған. Тбилисиде оппозициялық наразылық танытушылар мен қауіпсіздік күштері арасында орын алған қақтығыстан кейін 7-ші қарашада Саакашвили елде төтенше жағдай жариялаған болатын. Өткен жұма күні Грузиядағы төтенше жағдай тәртібі алып тасталды.