Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі халықаралық дағдарыс шиеленісе түскенге ұқсайды. Дегенмен де, бұл дағдарысты шешуді мақсат еткен жаңа бастама күн тәртібіне қойылған сияқты. Бірақ, сонымен бірге, уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатуды талап еткен БҰҰ-ның Қарарын орындамаған Иранға қарсы санкцияны, яғни тиымды тағы да қатаңдатуды көздеген елдердің талаптары әзірше қолдау таппай отыр.
БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес ел мен Германия қатысқан бүгінгі отырысқа Қытай елі күтпеген жерден қатыспай қалды. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі халықаралық дағдарысқа орай ол елге тиымды қатайтуды Қытай да, Ресей де қолдамауда. Аймақтық сарапшы Петер Лехрдің айтуынша: “Иранның мұнай және газ саласына Қытай миллиардтаған долларды инвестиция ретінде салып отыр. Және Қытай елі Иранның инфрақұрылымын жақсартуға көмектесуде. Сондықтан да Иранның ол энергия көздерін қорғауын Қытай қалайды”, деді сарапшы.
Ресей болса таяу арада Иранның Бушехр ядролық бекетіне ядролық отын жеткізуді бастайтындығын айтып отыр. Ресейдің салуындағы ол бекет құрылысы әлі біте қойған жоқ. Алайда мұндай мәлімдеме жасау арқылы ресми Мәскеу Иранға тиымды күшейтумен келіспейтіндігін білдіруде.
Ал, Құрама Штаттар болса, Иранға тиымды күшейтуді қолдаушы елдер коалициясын құруға ұмтылуда. Бұл орайда АҚШ-қа жаңа одақтас болып отырған Франция елінің президенті Николас Саркози өз сөзінде ең соңғы қорытындыда Иранға қарсы күш қолданылуы мүмкін, деген болатын. Қарашаның 19-ы күні Еуропа одағының Сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосып, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі халықаралық дағдарысты шешу жайын талқылаған болатын. Онда Франция және Британия өкілдері Иранға тиымды қатаңдатуды қолдауға Еуропа одағын шақырды. Алайда ол ұсынысты одаққа мүше 27 елдің қолдауына қол жеткізу қиынға соқпақшы.
Бұл мәселеде Швейцария жаңа рөл атқармақшы. Оның президенті Мишелайн Калми-Рей өз сөзінде Иран мен Құрама Штаттар арасындағы тікелей келіссөздерге ықпал ету жолдарын іздестіруде екендіктерін растады. Осы рөлді атқаруға өздеріне кімдердің өтініш жасағандығын ол айта қоймады. Алайда, Швейцарияның бейтарап саясат ұстанып келген бағыты Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі халықаралық дағдарсты шешуде бізге ара ағайын болу мүмкіндігін береді, деді Швейцария президенті. 1979-шы жылдан бері Уашингтон мен Техран арасында Швейцария елі АҚШ-тың дипломатиялық қызығушылықтары тарапынан қатысатын еді.
Сондай-ақ дәл осы кезде Иранның көршілес Араб елдері мынандай жоспар ұсынуда. Ол бойынша, байытылған уранды бейбіт мақсатта пайдалану үшін Таяу Шығысқа жеткізу ісінде Швейцарияға қадағалаушы рөлі ұсынылып отыр. Бұл жоспарды Иран жағы мұқият зерттемекші.