Сербия мен Косово этникалық албандарының жетекшілері бүгін Косовоның болашағы турасындағы даулы пікірталастар бойынша бір тоқтамға келу үшін қорытынды келіссөздерге отырды. Брюсселдегі бұл бас қосуға Евродақ пен АҚШ-ың және Ресейдің арағайын келісімгерлері де қатысуда. Өткен дүйсенбі күні Евродақ сыртқы істер министрлері этникалық албан жетекшілерін егер БҰҰ-на қайта хабарлама жасалатын 10 желтоқсанға дейін қандай бір келісімге қол жетпесе, Косовоның тәуелсіздігін жариялауға асықпауға шақырған болатын.