Ауғанстан армиясы мен АҚШ әскері 50-ден астам тәліптің көзін жойды

КАБУЛ: Бүгін Ауғанстанның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, таяуда елдің оңтүстігінде болған шайқаста ауған армиясы мен АҚШ бастаған коалициялық күштер 50-ден астам тәліптің көзін жойды. Хабарға қарағанда, тәліптер өткен тәулікте Урузган облысында оққа ұшқан көрінеді. Бірақ ауған армиясы мен коалициялық күштердің қатарында болған адам шығын туралы ештеңе айтылмайды.