Қырғызстанда парламент сайлауына үміткер ретінде түсетін азамат соққыға жығылды

Франс-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстанда алда келе жатқан парламент сайлауына Әлеуметтік Демократиялық партиясынан үміткер ретінде түсетін азамат соққыға жығылған. Жүсіп Жейенбеков пен оның ұлын елдің оңтүстігіндегі Жалал-Абад аймағында бір кафеде 15-ке жуық адам ұрып соққан деп хабарланып отыр. Аталған партияның тағы бір үміткері Еділ Байсалов бұл шабуылға билік кінәлі деп айыптады. Байсаловтың айыптаулары тәуелсіз түрде расталмады. Қырғызстанда парламенттік сайлаулар желтоқсанның 12-де өтеді.