Бүгін Грузия парламенті жаңа премьер министрді бекітті

Бүгін Грузия парламенті президенттік сайлаулар алдында елдің жаңа премьер министрін бекітті. Президент Михайл Саакашвили елдегі саяси дағдарысты шешу үшін 5-ші қаңтарда сайлау өткізуге шақырған. Үкімет басшылығына батыстық білім алған, осыған дейін банк басшысы болған Ладо Гурженидзе премьер министрлікке өткен аптада ұсынылған.