Үш айдан бері қамауда отырған философ-ғалым Нұрлан Әлімбековтың басына қауіп төніп тұр. Қарашаның 20-сы күні осылай мәлімдеме таратқан Нұрлан Әлімбековтың туыстары мен қоғамдық қорғаушылары бұқаралық ақпарат құралдарына қайырылып, оның тағдырына араша түсуге шақырды. Себебі, Шымкентте интернет арқылы таныстарымен хат алысқаны үшін тұтқындалған философ Нұрлан Әлімбековты облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен прокурорлар психикасы бұзылғандарға арналған ауруханаға тоғытпақ. Осы жайды мәлімдеген оның қоғамдық қорғаушылары құзырлы органдар заңды белшеден басып, Нұрлан Әлімбековке жалған жала жауып қана қоймай, абақтыда соққыға жыққан дейді.
Философ-ғалым Нұрлан Әлімбековты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті осы жылдың тамыз айының 16-сы күні облыстық прокуратураның санкциясымен қамауға алады. Оған «ұлттық және діни алауыздықты қоздырды» деген айып тағып, Қазақстан қылмыстық кодексінің 164 бабының 1-тармағына сай қылмыстық іс қозғайды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Нұрлан Әлімбековке қарсы қылмыстық іс қозғауға оның жеке электронды почтасы арқылы жеке адамдарға жазған хаттарын негізге алған.
«Үш айдан бері жазықсыз қысым көріп, қамауда жатқан Нұрлан Әлімбековке тағылған айып - негізсіз. Енді оны Алматы облысының Ақтас аулындағы жүйке ауруының салдарынан аса ауыр қылмыс жасағандарды емдейтін мекемеге жаппақ», дейді оның туған інісі әрі қоғамдық қорғаушысы, журналист Оразымбет Әлімбеков.
Інісінің сөзіне қарағанда, Нұрлан Әлімбековті жындыханаға жіберіп емдететіндей оның жүйке жүйесі ауытқымаған.
Сондай-ақ мәлімдеме жасаушылар: «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Нұрлан Әлімбековті қамауға алу кезінде ұрып-соққан. Оның жеті қабырғасы мен екі тісін сындырған. Мұндай жәбір көрсету тергеушінің кабинетінде де, тергеу абақтысында да жалғасқан. Денсаулығына байланысты Нұрлан Әлімбековке жасалған медицианлық сараптама қорытындыларында да жалғандыққа жол берілгендігі туралы деректер бар. Тергеу кезінде абақтыда жеген таяқтан Нұрлан Әлімбековтың қабырғасының сынғандығын медициналық сараптама қорытындылары жасырып келген. Қазір Әділет министрлігінің Шымкенттегі тергеу абақтысында изоляторында жатқан Нұрлан Әлімбековке қорқыту-үркітулер мен түрлі қысымдар жасалып жатыр», дейді.
Осы мәселеге орай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне хабарласқанымызда, аталмыш мекеменің баспасөз хатшысы Нұрлан Тасқымбаев: «Қандай да бір сауалдарыңыз болса ресми түрде хат жолдаңыздар. Жауап беріледі. Нұрлан Әлімбековтың ісі қазір тергеуде. Оның қазіргі жағдайынан мен хабарсызбын», деп қысқа қайырды. Ал облыстық прокуратура өкілдерінен қандай да бір түсінік алу мүмкін болмады.
Айта кетерлігі, Нұрлан Әлімбеков екі мәрте психиатриялық сараптамадан өткен. Шымкенттік дәрігерлер оның ақыл-есінің дұрыстығына күмәнмен қарайды. Алматылық әріптестері де «Әлімбековте психикалық ауытқулар байқалады» - деген тоқтамға келіпті. Осының негізінде оны Ақтастағы жүйке дерттері ауруханасына жатқызып, ұзақ мерзім емдемек.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 164-бабының 1-бөлімінде егер кімде кім жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілшілдік немесе діни дүрдараздықты өршітсе онда айыпты саналады делінген. Алайда, Қазақстан Конституциясының 18-бабы бойынша әрбір азаматтың хат жазуына құқығы бар және оның құпиялығы сақталуына кепілдік берілген.
«Сондықтан Нұрлан Әлімбековке тағылған айып - негізсіз. Бұл жерде арнаулы қызметтің өкілдері өздерінің қызметтік құзіретін асыра пайдаланып жіберген сияқты. Интернет кеңістікте белгілі бір адамға кінәсін дәлелдеп оның мойнына қою мүмкін емес нәрсе. Өйткені, мұны кез-келген адам оның ішінде белгілі ұйымдар да жасауы мүмкін», - дейді «Журналистер қауіп-қатерде» қоамдық қордың жетекшісі Розлана Таукина.
Ал Нұрлан Әлімбековтың қоғамдық қорғаушысы Оразымбет Әлімбек өз ағасының жәбір көріп азапталғанына орай тиісті органдарға қайырылып шағым түсіргенін айтады. Нұрлан Әлімбековтың тағдыры тәлкекке түсіп, құқығының тапталып аяқ астында қалмауы үшін мәлімдеме жасаған оның қоғамдық қорғаушылары мен туыстары осы көзі ашық көкірегі ояу азаматтарды осы іске араласуын сұрап отыр.