Дағыстан қоғамдық қайраткері Нариман Әлиев пен оның жұбайы Махашқалада үйінде атып өлтірілді

Оларды кім өлтіргені белгісіз, мәйіттері бүгін табылды. Нариман Әлиев шарап өндіру бизнесінің майталманы болды, мемлекеттік ауылшаруашылық қожалығын басқарды, депутат болды, Дағыстан үкіметі жанында құрылған Қоғамдық палатаның мүшесі болды.