Ертең АҚШ-тың Аннаполис қаласында Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесі бойынша халықаралық конференция өткізілмек. Конференцияға қырықтан аса елдің өкілдері қатыспақ. Жексенбі күні жарияланған Ақ үйдің мәлімдемесінде Джордж Буш Израиль мен Палестина дауын шешуге ынталы, дербес демократиялық Палестина мемлекеті құрылса жөн, Израиль мен Палестина бейбіт тұру керек делінеді.