Ауғанстан İшкі істер министрінің айтуынша, Бағлан аймағындағы жарылыстан кейін тек үш адам ғана оқтан пайда болған жарасына көмек сұраған. Қарашаның 6-сы күні Бағланға сапармен келген депутаттарға жанкештілік шабуыл жасалған болатын. Осы жарылыстан және қауіпсіздік қызметкерлерінің бей-берекет оқ жаудыруынан кем дегенде 71 адам қаза болған-ды. Оның 61-і мектеп оқушылары және 6-ы депутаттар еді. Кейбір отбасылары мәйіттерді ашу арқылы, оқтан қаза болғандарды анықтау жөнінде талап қойып отыр.