Бүгін Еуропа мен Иран ядролық мәселеге байланысты келіссөздер жүргізуде

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана мен Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалили Лондонда кездесіп отыр. Кездесудегі басты мақсат – Иранның уранды байытуын тоқтату болып табылады. Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд бұл кездесуге аз үміт артып отыр.