Түркиядағы ұшақ апатынан 56 адам құрбан болды

Бүгін Түркияда орын алған ұшақ апатынан 56 адам құрбан болды. Ресмилердің айтуынша, Atlasjet-air компаниясының ұшағы Анталиядан 150 шақырым жерде орналасқан Испарта қаласының жанында құлаған. Апатқа не себеп болғаны әзірше белгісіз.