“Human Rights Watch” Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге лайық емес деді

Нью-Йорктегі адам құқықтары жөніндегі “Human Rights Watch ұйымы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етпеуі керек деген. “Human Rights Watch”-тың айтуынша, Қазақстанның ұйымға төрағалық алуы ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары негіздерінің бірлігіне қауіп төндіреді. Қазақстан бұл ұйымға төрағалық ету өтінішін 2005 мен 2006 жылы бергенінде, Қазақстандағы адам құқықтарының төменгі деңгейіне байланысты ұсынысы қабылданбаған. Енді “Human Rights Watch” ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Холли Картнер Қазақстан өз елінде ЕҚЫҰ-ның міндеттемелерін орындаған жоқ, сондықтан ұйымға төрағалық ете алмайды деген.