Халықаралық бақылаушылар Ресейдегі сайлау әділ өтпеді десе, президент Путин сайлау заңды болды дейді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Еуропа кеңесінің бақылаушылары Ресейдегі парламенттік сайлаулар демократиялық тәжірибенің көптеген “міндеттемелері мен стандарттарына” сай келмеді деп мәлімдеді. Олардың атап көрсетуінше, президент Владимир Путиннің “Единая Россия” партиясы толық жеңіске жеткен жексенбі күнгі сайлаулар әділ өтпеген. Ал Еуропа Одағы сайлау алдында сөз еркіндігі мен адамдардың жиналу құқықтары бұзылды деп мәлімдеді. Ресейдің Орталық Сайлау комиссиясының мүшесі Людмила Демянчеконың айтуынша, аталған партия парламенттің төменгі палатасы, яғни Мемлекеттік Думадағы 450 орынның кемінде 315-не қол жеткізген. Соңғы хабарға қарағанда, президент Владимир Путин Ресейдегі парламенттік сайлауларға байланысты айтылып жатқан халықаралық және жергілікті сынауларды жоққа шығарды. өзінің “Единая Россия” партиясы жеңіске жеткен соң Путин бір күннен кейін сайлау нәтижесі “заңды” болды деп мәлімдеді.