АҚШ президентінің нақты қай елдерге баратындығы жөнінде Ақ үй өкілдері айта қоймаған еді. Алайда, Израйль баспасөзінің хабарына қарағанда, өз президенттігі тұсында Буш алғаш рет Израйльге келмекші екен. Өткен аптада Израйль-Палестина конференциясын Буш мырза АҚШ-та өткізген болатын. 2008-ші жылдың соңына дейін бейбітшілікке қол жеткізуді мақсат тұтқан сөйлесулерді бастауға екі жақ басшылары келіскен еді.