Бұл жөнінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты. АҚШ-тың барлау қорытындыларының жаңа бағалауында Иран елі ядролық қару бағдарламасын 2003-ші жылы тоқтатқан болатын, делінген еді. Лавровтың айтуынша, Техранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа тиымдарын салу қажет пе деген сауалда АҚШ-тың Ұлттық барлау қорытындыларын бағалауы ұсынған мәліметтер фактор болады. Бұл Бағалау Иран халқының жеңісін жариялау болды, деді Иран президенті Махмуд Ахмадинежад. Техранның ядролық мақсаттарына орай әлем өте сақ болуы тиіс, деді АҚШ президенті Джордж Буш.