Косоводағы бейбітшілікке қауіп төнетін болса НАТО қатаң әрекет жасайтын болады

Егер халқының басым көпшілігін этникалық албандар құрайтын Косово Сербиядан тәуелсіздігін жариялап, аймақтағы бейбітшілікке кез келген қауіп төнетін болса НАТО қатаң әрекет жасайтын болады. Бұл туралы бүгін НАТО сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі жиынында одақтың бас-хатшысы Яап де Хооп Схеффер хабарлады. 26 ел мүше болып табылатын НАТО одағы Косоводағы 16 мың бітімгершілік күштерін одан әрі сақтайтыны жөнінде жариялайды деп күтілуде. Сонымен қатар, бүгін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі туралы халықаралық дәнекерлердің маңызды баяндамасы тапсырылмақ. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі оны желтоқсанның 19-да талқылайтын болады.